Жаңалықтар

Ғылымға деген сүйіспеншіліктен

«Фитохимия» халықаралық ғылыми-өндірістік холдингінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академигі, химия ғылымдарының докторы, профессор Серғазы ӘДЕКЕНОВ – Белорус Республикасының Ұлттық ғылым академигі алтын медалімен марапатталды. Ғалым жақында Белорус елінде (Минск қаласы) өткен изопренойд жөніндегі 23-інші халықаралық конференцияға қатысып келген болатын.

Конференцияға 11 елден 120 ғалым келді. Серғазы Мың­жасарұлы Минскіге жұмыс сапарының ғылыми-техникалық келісім аясында «Фитохимия» халықаралық ғылыми-өндірістік холдингі және Белорус Ұлттық ғылым академиясының физиология институты, Биоорганикалық химия институты, Физико-органикалық химия институтымен бірлесіп бірегей дәрілік препараттар шығаруды дамытуда екіжақты келісімдерге қол қойды. Бұл ретте Елбасының «Қазақстан – 2050» стратегиялық бағдарламасында экономиканы дамытудың кластерлік әдісі туралы айтқанын атап өткен жөн. Яғни, іргелес мемлекеттермен бірлесіп инновациялық жобалар негізінде елдің экономикалық әл-ауқатын арттыру көзделген.

Бұған дейін академиктің авторлығындағы ісікке қарсы қолданылатын «Арглабин» дәрісі Қарағандының «Фитохимия» институтында дайындалған болатын. Дала жусанынан жасалған «Арглабин» – асқазан, бауыр, бүйрек, өкпе ісіктеріне қарсы қолданылатын сипатқа ие болғандықтан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Грузия Республикаларында Ресей федерациясында ресми түрде тіркелді. Сондай-ақ «Арглабин» Германияда, «Леонардис Клиник» онкологиялық орталығында және Онкобиотерапия институтында қолданылуда. Бүгінгі таңда «Арглабин» – Белорус Республикасы денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен қазақ-беларусь кәсіпорны негізінде Минскіде тіркелді. Қазақ–беларусь бірлескен ынтымақтастығы негізінде «Арглабин» дәрісі – Қарағанды фармацевтикалық зауытында жинақталып, дайын дәрілік өнім ретінде «Академфарм» Белорус елінің онкологиялық клиникалары үшін шығарылатын болды.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button