Жаңалықтар

Құқықтық Қазақстанның қалыптасуындағы әділет органдарының рөлі

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында соңғы жылдары халықтың құқықтық мәдениетін арттыру бойынша ауқымды реформалар іске асырылғанын, бірақ халықтың мемлекеттік, құқық қорғау органдарына деген сенімі артуы үшін бұл бағыттағы жұмыс жалғасуы тиіс екендігін атап өтті.

Сурет ortcom.kz

«Заң және тәртіп» акциясы тұжырымдамасын енгізуден бұрын азаматтар арасында сауалнама жүргізілген болатын, оған сәйкес респонденттердің басым көпшілігі басты мәселелердің бірі заңнаманы түсінудің қиындығы екендігін алға тартқан. Адамдарға көпшілігінде заңдарды түсіну қиындық туғызады және олар құқықтық сұрақтар бойынша дұрыс бағыт ала алмайды. 

Сондықтан әділет министрлігі бұл мәселені өзіне бақылауына алып, қазіргі уақытта заңнама тілін қысқарту бойынша және заңның және оның түсініктемесін бір мезгілде жария ету бойынша бастамалар енгізді. Айтпақшы, азаматтардың көпшілігі құқықтық сауаттылықты көтеруді мектеп қабырғасынан бастау қажет деп санайды. Осыған сәйкес, Ағарту министрлігі мен Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесіп, мектептер мен ЖОО-да құқық негіздері бойынша пәндерді қысқарту мәселесі бойынша жұмыс жасалатын болады.

«Заң және тәртіп» идеясын түсіндіруге арналған әртүрлі форматтағы, қоғамдық акциялар, челлендждер, жастардың қатысуымен өтетін шаралар, флешмобтар, қоғамдық дискуссиялар, сарапшы қауымдастықтың, мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, жастар ұйымдары өкілдерінің қатысуымен алаңдарда сұхбат өткізуге баса назар аударылатын болады. Қарағанды аймағында біз шалғай орналасқан елді мекендердегі жұмысты жандандырудамыз. Облыс бойынша көлемді 10 ақпараттық дәріс өткізілгені, оларға адвокаттар, нотариустар мен заң консультанттарының қатысуы қуантады.

Бұдан басқа, әділет органдары Қазақстанның Азаматтық Альянсы, жеке сот орындаушылары, нотариустар, заң консультанттары, адвокаттармен және басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп «Ашық есік күндері», «Әділет кеңес береді» қоғамдық акциялары өткізілді. Басым көпшілігінде біз мұндай шараларды ірі қалаларда өткізуге тырысамыз, себебі, тегін білікті заң көмегін көптеген азаматтардың алуы қажет.

Департаменттің қызметкерлері тұрақты негізде дағдарыс орталықтарына шығып, «Қатыгездіксіз және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ», «Біз зорлық-зомбылыққа қарсымыз!» акцияларын ұйымдастырып өткізеді.

Осы шаралардың аясында тұрмыстағы зорлық-зомбылық мәселесі талқыланып және өз өмірлерінде қиындықтарға тап болған азаматтарға, оның ішінде жетім, ата-анасынан айрылған балаларға, тұрмыста зорлық-зомбылық көрген жалғызбасты аналарға заңдық және әлеуметтік көмектер көрсетілді.

Министрлікпен Халықаралық адам құқықтары күнін мерекелеу аясында «Мен өз құқықтарымды білемін» атты бейне-челлендж іске қосылды. Челлендждің басты мақсаты – халықтың құқықтық мәдениетін, өскелең ұрпақтың құқықтық білімін қалыптастыру болып табылады.

Челлендж жалпы білім беретін мектептер оқушылары, ЖОО, колледждер студенттері, сондай-ақ әртүрлі мамандықтағы жұмыскерлер  арасында өткізілді.

Сонымен қатар,  «Заң және тәртіп» жобасының басты бағыттарының бірі – алаяқтық әрекеттермен күресу мақсатында Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен азаматтарды 1414-тен СМС және egov mobile арқылы puch хабарламалармен хабардар ету пилоттық жобасы өз жұмысын бастады. Егер бұрын нотариустар, сот орындаушылары азаматтарды тапсырмалы пошта арқылы хабардар етсе, ендігі жерде тексерілген байланыс каналдары арқылы электронды түрде хабардар ете алады.

Өткен жылда әділет органдарына нотариустар мен сот орындаушыларының қызметіне 40 000 астам шағым түскен. Көптеген өтініштерде азаматтар, нотариустармен шығарылған атқару жазбасы туралы хабардар етілмегені, тек, қандай да бір тыйым салынғанда немесе шектеу қойылғанда ғана білгендіктерін айтады. Бұдан былай азматтарға іс туралы және нотариус немесе сот орындаушысы туралы егжей-тегжейлі ақпарат азаматтарға 1414-тен СМС және egov mobile арқылы puch хабарламалар уақтылы келіп отыратын болады.

Әрбір азамат өзіне қажетті көмекті ыңғайлы әлі түсінікті форматта алу үшін Әділет министрлігімен құқықтық ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында сандық технологияларды пайдалану мүмкіндігін ұлғайту жоспарлануда.

Д.Ж.ДАЙРАБАЕВ,

Қарағанды облысы Әділет департаменті

басшысының орынбасары

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button