Жаңалықтар

“Құқық бұзушылық пен тәртіпсіздікке мүлдем төзбеушілік” акциясы өтті

“Қарағанды – Сұрыптау” станиясының желілік бөлімінің қызмет ету аумағында “Құқық бұзушылық пен тәртіпсіздікке мүлдем төзбеушілік” акциясы өтті.

Акцияның мақсаты – азаматтардың құқықтық мәдениеті мен құқықтық сауаталлығын арттыру, тұрғындар арасында құқық бұзушылық пен тәртіпсіздікке мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру және  қоғамдық тәртіпті сақтау мен ұсақ құқық бұзушылықтарды анықтау және ескерту.

«Құқық бұзушылық пен тәртіпсіздікке мүлдем төзбеушілік» жедел алдын алу іс-шарасының аясында әкімшілік жауапкершілікке 13 құқық бұзушы тартылды. Олардың ішінде, ӘҚБ туралы ҚРК 440 бабы 1 б. бойынша (ішімдік ішу) – 5, ӘҚБ туралы ҚРК 441 бабы бойынша (темекі шегуге тиым салуды бұзу) -3, ӘҚБ туралы ҚРК 449 бабы бойынша (қоғамдық орындарда тиісу фактісі) -1, ӘҚБ туралы ҚРК 204 бабы бойынша (белгіленбеген орындарда сауда жасау) -1, ӘҚБ туралы ҚРК басқа да баптары бойынша – 3. Аталған жұмыстар әлі де жалғасын табуда.

 

Басқа материалдар

Back to top button