WTA 1000 турнирі: отандасымыз – финалда
Әлемнің төртінші, Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева Майамидегі WTA 1000 турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды Ortalyq.kz Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Майамидегі WTA 1000 турнирінің финалына жолдама алды. Отандасымыз ширек финалда грекиялық Мария Саккаримен жолығып, 7:5, 6:7, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Ал, жартылай финалда белорусиялық Виктория Азаренкоға қарсы ойнады. Үш сетке созылған матчта отандасымыз әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасын 6:4, 0:6, 7:6 жеңіп, алтын жүлдеге таласуға мүмкін алды.
Енді отандасымыз Рыбакина финалда Екатерина Александрова (Ресей) мен Даниэль Коллинз (АҚШ) жұбының жеңімпазымен кездеседі.
Айта кетейік, Майамидегі WTA 1000 турниріне әлемнің түкпір-түкпірінен 96 спортшы қатысып, 9 миллионға жуық АҚШ долларын сарапқа салып жатыр.
Материалды әзірлеген Ербол ЕРБОЛАТ.