Covid-19

Вакциналау қарқын алмақ

Вакциналау қарқын алмақ. Олай дейтініміз, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢ сынынан қортынды шығаруға тырысқан Денсаулық сақтау министрлігі «осы айда 2,5 миллион адамды вакциналаймыз» деп жоспарлап отыр. Сәуірдің басынан бері есептесек, вакцина алғандар ел бойынша 2 есе өсті. Басты мәселе – вакцина жетіспеушілігі де шешімін таппақ.

Вакцина күтіп отырмыз Үкімет отырысында Премьер-Министр Асқар Мамин сәуір, мамыр, маусым айларында 2 миллион адамның екпе алатынын жеткізді. «Қыркүйекте 10 миллион адамды вакциналауды жоспарлап отырмыз. Сол кезде ұжымдық иммунитет қалыптастыруға мүмкіндік болады», – деп атап өтті.

Коронавирустың таралуына тосқауыл болу үшін вакциналауды емханаларда ғана емес, ірі сауда орталықтарында да жүргізіп жатыр. Мәселен, Алматы қаласында мұндай әдіс өткен аптадан бері қолға алынды. Дегенмен, қазір вакцина жетіпеушілігінен тоқтап тұр. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының қоғамдық денсаулық сақтау қызметі басшысы Бибігүл Төлегенованың айтуынша, сауда орындарындағы вакциналу орталықтары бізде де ашылатын болады.

– Олар жылжымалы пункт түрінде емес, кәдімгідей екпе орталығы болады. Онда дәрігер мен вакциналау кабинеттері, екпе алғаннан кейін күту аймағы, тіпті, шұғыл көмек көрсететін кабинеттер орналасады. Стационарлық медициналық тоңазытқыштармен қатар, барлық қажетті жабдықпен қамтамасыз етеміз. Ол орталықтардың жайын санитарлық эпидемиологиялық қызмет мамандарымен келісіп жатырмыз, – деді.

Вакциналау кампаниясы басталған уақытта-ақ облыс бойынша жалпы саны 35 вакцина орталығы, олардағы 115 егу кабинеті жұмыс жасайды деп айтылған еді. Бірақ, қазіргі таңда жұмыс істеп тұрғаны – 14 вакцина орталығында орналасқан 30 егу кабинеті ғана. Қарағанды, Теміртау, Жезқазған, Абай, Саран, Шахтинск пен Балқаш қалаларында вакци- налау бұрыннан жүргізіліп келеді. Қарқаралы ауданының орталық аудандық ауруханасындағы егу пункті 2-3 күн бұрын ғана ашылды. Ал, басқа аудандарда вакциналау басталмақ түгілі, вакцина жеткізілген жоқ. Бұл ретте Бибігүл Райханқызының айтуынша, қолда бар вакцина қатер тобына жататын адамдарға арналып отыр.

– 1 сәуірде облысқа вакцинаның 1-ші компонентінің 7600 дозасы, 2-ші компонентінің 2300 дозасы жеткізілді. Эпидемиологиялық ахуалды ескеріп, бұл партия медициналық-әлеуметтік мекемелердің қызметкерлері мен тұрғындарына жұмсалатын болды. Осы аптаның соңында тағы 40 мың доза күтілуде. Жалпы, сәуірде Қарағанды фармацевтикалық кешенде шыққан «Спутник V» вакцинасы жеткізілуі тиіс. Ал, халықты жаппай вакциналау осы айдың ортасынан басталады деген үміт бар, – деді Б.Төлегенова.

«QazVac» айналымға енеді

Жалпы, вакцина дозасының жетіспеушілігі елдің барлық аймағында айқын сезіледі. Қарағанды фармацевтикалық кешенінде өндірілсе де ресейлік вакцинаны тікелей ала алмаймыз. Ол бірыңғай дестрибюьтер – «СК-Фармацияға» жөнелтіледі. Сол жерден аймақтарға таратылады. Жауапты миссияны жандандыру үшін «Спутник V»-ден басқа қосымша вакцина қарастыру маңызды. Апта басында елдегі эпидемиологиялық ахуал

туралы кеңес өткізген Президент: «Вакциналауды созу – абстракциялық проблема емес, мемлекеттік маңызды іс. Әңгіме елдің ұлттық қауіпсіздігі жайлы»,– деп ашық айтты. Осы кеңесте Премьер-Минитсрдің орынбасары Ералы Тоғжанов осы айда қазақстандық «QazVac» вакцинасының 50 мың дозасы өңірлерге жеткізілетінін атап өтті.

Отандық вакцинаның үшінші клиникалық зерттеуінің нақты аяқталатын күні – биылғы жылдың 9 шілдесі. Бұл туралы биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Күнсұлу Закария айтқан болатын. Енді ғалым вакцинаны уақытша тіркеу алғаннан кейін өндіре беруге болатынынын жеткізді.

– Уақытша тіркеуді біз 2020 жылы 31 желтоқсанда алғанбыз. Сол уақыттан бастап өндіріс басталды. Вакцина жасалды. Үкімет қаулысына сәйкес клиникалық зерттеулердің үшінші кезеңінің 50%-ы аяқталғаннан кейін оны қолдана беруге болады. Зерттеудің соңғы кезеңі 15 сәуірде аяқталады. Одан кейін вакциналарды «СК-Фармацияға» жібереміз, – деді К.Закария.

Қалай болғанда да министрлік вакцина тасымалын тоқтатпауға ба- рын салуда. Министр А.Цойдың айтуына сенсек, осы айда облысқа 217 мың вакцина жеткізіледі.

Дәл қазір оны «аламын» деушілер көп болғанымен, вакцина жоқ болып тұр.

Жансая ОМАРБЕК

Басқа материалдар

Back to top button