Covid-19

Вакцина алмаған жұмыстан шеттетіледі

Қазақстанның Бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан ҚИЯСОВ жаңа қаулыға қол қойды. Оған сәйкес, қызмет көрсету саласының қызметкерлері 15 шілдеге дейін вакцина салдыруға міндеттеліп отыр. Олай болмаған жағдайда жұмыстан шеттетіледі. Аталған қаулы 2 шілдеде күшіне енеді.

Қаулы бойынша вакцина алу міндеттелген қызмет салаларына келесілер жатады.  

Қызмет көрсету жөніндегі объектілердің (халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО), «Қазпошта» АҚ бөлімшелері, екінші деңгейдегі банктер, қаржы нарығының объектілері, сақтандыру компаниялары, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктер, жарнама агенттіктері, айырбастау пункттері, ломбардтар, сұлулық салондары, шаштараздар, химиялық тазалау орындары, кір жуу орындары, фитнес, спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары, СПА және массаж салондары/орталықтары/кабинеттері, моншалар, сауналар, бассейндер, жағажайлар, типографиялық көрсетілетін қызметтер, тігін ательесі, фотосалондар, аяқ киім шеберханалары, гүл дүкендерінің, аяқ киім, киім жөндеу, ұйымдастыру техникасын жөндеу жөніндегі сервис, адвокат, нотариус, бухгалтер және консалтинг, маникюр және педикюр, косметологиялық қызметтерді көрсету жөніндегі объектілер, өзге де объектілер);

– Халық тұтынатын өнімдердің және тауарлардың көтерме және бөлшек саудасы (сақтау) объектілері;

– Мәдениет және демалыс объектілері;

– Халықтың тұруы бойынша қызметтер көрсету саласындағы объектілердің 

– Жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын ұйымдар; 

– Білім беру және тәрбиелеу ұйымдары; 

– Санаторий-курорттық және сауықтыру мақсатындағы объектілер;

– Қоғамдық тамақтану объектілер;

– Барлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік объектілері; 

– Денсаулық сақтау ұйымдарының, оның ішінде зертханалары; 

– Экскурсиялық қызмет көрсететін ұйымдар; 

– Байланыс және телекоммуникация объектілері;

Республика бойынша аталған сала басшылары 15 шілдеге дейін (денсаулығына байланысты қарсы көрсетілім бар және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды қоспағанда) вакцинаның бірінші компоненті, 15 тамызға дейін екінші компонентін салуы қажет. Бұдан бөлек, COVID-19 коронавирус инфекциясының профлактикасы мәселелері бойынша жұмыскерлер арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыс күшейтілуі тиіс.

Айта кетейік, вакцина алмаған жұмыскерлер (денсаулығына байланысты қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды қоспағанда) оффлайн режимде жұмысқа жіберілмейді.

Басқа материалдар

Back to top button