Аймақ

Қушоқы кенті көркеюде

Бұқар жырау ауданы, Қушоқы кентінде су құбыры желілері толық ауыстырылуда. Одан бөлек, екі заманауи балалар ойын алаңы орнатылып, жарықтандыру тіректері жаңартылуда.

– Бізде орталық жылыту, су құбыры, кәріз бар. Дегенмен, су желілері қатты тозған. Күн сайын желілерде бірнеше жарық пайда болды. Сондықтан жаңа су құбырын салу жобасы әзірленді. Осакаров ауданы Қаратомар ауылының аумағында орналасқан ұңғымалардан тартылып жатқан жаңа желілердің ұзындығы шамамен – 27 шақырым. Ал, магистральдық су құбырының ұзындығы – 22,5 шақырым. Жұмыстар белсенді жүргізілуде, ескі құбырлар жаңасына ауыстырылуда. Сондай-ақ бізде суды сақтау үшін екі үлкен резервуар салынуда. Олар екі сатылы суды тазарту және сүзу жүйесімен жабдықталады, – дейді кент әкімі Халил Рыспеков.

Одан бөлек, кентте электр желілері мен трансформаторлық пункттер жаңартылуда. Екі жыл ішінде Қушоқыда жарықтандыру тіректерінің жартысынан көбі ауыстырылады деп күтілуде.

– Біз электр желілерін жаңғыртуды және балалар алаңдарын орнатуды өз қаражатымыз есебінен жүргіземіз. Биыл 60-қа жуық жарықтандыру тіректерін ауыстыруды жоспарлап отырмыз. Соңғы 2 жылда 100-ден астам сыртқы жарықтандыру тіректері ауыстырылды. Жақын арада Майөзек ауылында жаңа ойын алаңы салынады. Ұзындығы 15 шақырымды құрайтын жаңа электр желісінің құрылысы аяқталып, толық трансформаторлық қосалқы станциясы орнатылады, – дейді Халил Рыспеков.

Сонымен қатар, Қушоқыда мәдениет үйін жөндеу басталады. Әрі ғимаратта электр сымдары толығымен ауыстырылады. Орталық стадионға да жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Екі жыл ішінде Қушоқыда 160 шырша және теректер отырғызылды.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button