Жаңалықтар

Әуеле, әскери ән!

    Жуырда Қарағанды қаласындағы №92 гимназияда Ұлы Жеңістің 72 жылдығына, Отан Қорғаушы күніне және ҚР Қарулы Күштерінің құрылғанына 25 жыл толуына орай сапта жүріп, әскери әндерді орындау байқауы өтті.

Шараның басты мақсаты – оқу­шылардың Отанға деген патриоттық сезімін ояту, елін, жерін құрметтеуге баулу. Сонымен қатар, жастарды ҚР Қарулы Күштер қатарында қызмет етуге дайындау.

Әскери-патриоттық тәрбие беруді мұрат еткен шараны аталған гимназияның алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімі Р.Алин ұйымдастырды. Байқауға гимназияның 5-10 сынып оқушылары қатысып, оқушылар сапта жүріп ән шырқаудың шеберлігін көрсетті. Шара соңында тапсырмаларды үздік орындаған сыныптар арнайы мақтау қағаздарымен марапатталды.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button