АймақБас тақырып

ТЖ министрі Сырым Шәріпханов «Қазақстан»шахтасында жұмыс кеңесін өткізді

Қазіргі уақытта екі зардап шегушіні іздеу жұмыстары жүргізілуде және жергілікті Д-6 көмір конвейерлік еңісте жану ошақтарын сөндіру жалғасуда.

 

Өрт сөндірушілердің авариялық қазбалардың жанындағы жұмысы жоғары температура мен үздіксіз түтіннің себебінен қиындай түсті. Сондай-ақ, қазбаны салқындату бойынша іс-шаралар жүргізілуде.

 

ТЖ министрлігі іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу барысын тұрақты бақылауда ұстайды.

Сырым Шәріпханов іздестіру жұмыстарына тартылған тау-кен құтқарушылары үшін қажетті қауіпсіздік деңгейін қамтамасыз етуді тапсырды.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button