Ұтымды шешім

   Мемлекет басшысы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ Қазақ тілінің әліпбиін латын графикасына көшіру туралы Жарлыққа қол қойды. Ресми құжат Мәңгілік Еліміздің мақсат-мұратына жету жолын айқындай түсті.

Біздің мектеп ұжымы да латын графикасына көшу мәселесін қолдап, түрлі іс-шаралар өткізуде. Соның бірі – мектеп кітапханасында ұйымдастырылған «Жаңғыру – жазудан басталады» тақырыбындағы дөңгелек үстел.

Аталған шараның басты мақсаты – оқушыларға латын қарпі туралы түсінік беру. Латын әрпі дегеніміз не? Ол не үшін керек? Қалай жазамыз? Қалай оқылады? Осы сұрақтар аясында оқушылармен әңгіме жүргізілді, арнайы көрме ұйымдастырылды.

Балалар болса, белсенділік танытып, өз ойларын ортаға салды. Жас буын латын графикасына көшудің мәні мен маңызын терең түсінетінін көрсетті.

Мәселен, мектеп жасындағы ұл-қыздар өз ана тілімен қатар, ағылшын тілін терең меңгеруге талпынады. Себебі, латын графикасына негізделген ағылшын тілі – техниканың тілі, заманауи технологияның тілі. Ғылымның салаларында да ағылшын тілі басымдыққа ие. Демек, латын графикасын қолдану арқылы біз әлемдік өркениетпен біте қайнасамыз.

Дөңгелек үстелге қатысқан ұл-қыздар да осыны жақсы түсінетінін айтады.

Расымен де, латын графикасына көшу – ұтымды шешім.

Нұрғамила АСАНОВА,

Бибігүл АСАНОВА,

№86 ЖББОМ кітапханашылары.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.