Тың серпін
Елбасының Жолдаулары мен халыққа үндеу тастауы Қазақстанның бұлжымас саяси дәстүріне айналды. Әр Жолдауда еліміздің нақты әлеуметтік дамуының бағыттары белгіленеді.
Осы уақытқа дейін Елбасы айтқандай, екі жаңғыру кезеңі өтті. Ал жаһандық бәсекеге қабілеттілік тұрғысында Қазақстанның үшінші жаңғыруы – алдағы жаңғырулардың басы. Қазіргі Жолдауда да өткен кезең қорытындысы шығарылып, алдағы тұрған мақсат-міндеттер айқындалуда.
«Бұл жаңғыру – қазіргі жаһандық сын-қатерлермен күрес жоспары емес, болашаққа, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы мақсаттарына бастайтын сенімді көпір болмақ. Ол Ұлт жоспары – «100 нақты қадам» базасында өткізіледі», – деп атап көрсетті Президент.
Жолдауда бірнеше басымдықтар бағамдалған. Төртінші басымдық «Адами капитал сапасын жақсарту» деп аталады. Мемлекеттік тіл қазақ тіліне басымдық беріледі. Үш тілді қоғамның негізгі іргетасы ретінде мемлекеттік тілді дамытуға тың серпін үстеледі. Президенттің Жолдауы Қазақстанның әрбір азаматының өмір сапасын арттыратынына сеніміз мол!
Темірғали АРШАБЕКОВ,
тарихшы, Қарағанды
облысының бейнелеу өнері мұражайы
директорының
орынбасары.