Спорт

Токиода топ жарды

Жерлесіміз Айгүл Балмағамбетова параби спортынан Жапонияда өткен халықаралық турнирде қола жүлдеге қол жеткізді.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше спортшы 12 жылдан бері Саран қаласының арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында тұрады.

Ол өзінің спортқа деген ынта-жігерінің арқасында алыс-жақын шетелдерде, атап айтар болсақ Болгария, Германия, Италия, Ресей және Словакия сахналарында өнер көрсеткен. Оның арбамен билеу қабілетін спорттық би мамандары жоғары бағалаған. Бойжеткен бүгінгі таңда еліміздің Параби федерациясының өкілі.

– Айгүл Балмағамбетова өз қойылымын Малефисента бейнесінде ұсынды. Бұл бағдарламаны 2021 жылы Италияда өткен Әлем кубогында қойған болатынбыз. Сол кезде де оған үшінші орын бұйырған. Бұл жолы да ол қола жүлдемен марапатталды. Сонымен қатар, Айгүлмен екінші жаттықтырушы Марина Саватеева да жұмыс істейді. Біздің бишіміз бұдан да үлкен жеңістерге жете алатынына сенімдіміз, өйткені ол қараша айында өтетін әлем чемпионатына жолдама жеңіп алды, – дейді спортшының жеке жаттықтырушысы Күлшім Аталықова.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button