Спорт

Тоғамбай жекпе-жекті мерзімінен бұрын тәмамдады

Бокстан Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан әлем чемпионатының екінші күнінде отандасымыз Сағындық Тоғамбай жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтап, жеңіске жетті.

86 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен отандасымыз Конго ДР өкілі Натан Нланду Мбелимен кездесті. Кездесу барысында қазақстандық боксшы қарсыласын екі рет нокдаунға жіберді. Конголық боксшы үшінші нокдаунға түскенде төреші жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды.

63,5 келі салмақта бақ сынайтын екінші отандасымыз Санатәлі Төлтаевтың жекпе-жегі Қазақстан уақытымен сағат 19:00-де өтеді. Оның қарсыласы Израиль боксшысы Ахмад Штиви.

Ербол ЕРБОЛАТ,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button