Тоқаев Парламенттің алдындағы екі міндетті атады

– Парламенттің алдында маңызды екі міндет тұр.. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 7-ші шақырылған Парламенттің 1-ші сессиясының ашылуында айтты.

«Парламенттің алдында маңызды екі міндет тұр. Бұл – сапалы заңдар қабылдау және өзекті мәселелердің шешімін табатын орталыққа айналу. Жалпы, еліміздің заңнама жүйесін кешенді түрде жетілдіру керек.», — деді ҚР Президенті.

Айта кетсек, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 7-ші шақырылған Парламенттің 1-ші сессиясын ашты.

Отырысқа Сенаттың 49 депутатының 42-сі, Мәжілістің 107-і депутатының 99-ы қатысып отыр.