Білім

«ТМД үздік студенті атағына ие болды

Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің «Автоматтандыру және басқару» мамандығының 3 курс студенті Елдар Қанағат «ТМД-ның үздік студенті – 2024» халықаралық байқауының жеңімпазы атанды.

Суреттер: gov.kz

Ол оқудағы жетістіктері мен «Қазақ тілін оқытуда жырау шығармаларын қолдану әдістемесі» мақаласы үшін II дәрежелі дипломмен марапатталған. Сонымен қатар ол президенттік шәкіртақы иегері және бірнеше республикалық және халықаралық байқаулардың жүлдегері.


Байқаудың қорытынды кезеңі Астана қаласында «Жастар және ғылым: тәуелсіздіктің жаңа трендтері» IX Халықаралық конференциясы аясында болды. Іс-шарада Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің ғылымын, білімін, өнері мен спортын дамытуға үлес қосқан үздік студенттерді салтанатты түрде марапаттады. Халықаралық байқауды «Бөбек» жалпыұлттық қозғалысы ұйымдастырған.
Айта кету керек, жақында Елдардың мақаласы «Рухани жаңғыру» ақпараттық-талдау орталығы мен QAZAQ BILIMI Республикалық ғылыми-әдістемелік, педагогикалық журналы ұйымдастырған «Үздік студенттік мақалалар» республикалық байқауында да жоғары бағаланған. Студенттің жұмысы «Үздік мақала» номинациясы бойынша I дәрежелі дипломға ие болды.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button