Қарағанды

Тілді білу – табыстың кілті

Қалалық №92 гимназияда тіл тақырыбында өткен онкүндіктің өскелең ұрпаққа берер тәлімі зор болды. Тәрбие сағаттары «Халықтарды біріктірген мемлекет» атты үш тұғырлы тілді насихаттау мақсатындағы сабақтармен өрнектелді. «Рухани жаңғыру – болашақ кепілі» ұранымен өткен гуманитарлық пәндер кафедрасы ұжымының «Латын әліпбиіне көшу – заман талабы» тақырыбындағы дөңгелек үстел тіл тарихында болатын өзгерісті қолдау мақсатында жүзеге асты. Кітапханашы Ү. Макатова өткізген дөңгелек үстел мен кітап көрмесі А.Байтұрсынұлының туғанына 145 жыл толуы мен тілдер мерекесіне орайласты. Ең бір мазмұнды өткен шара – үйірме жетекшісі, ҚР оқу ісінің үздігі К. Төлеуханова ұйымдастырған 1-7 сыныптар арасындағы «Сүйемін туған тілді – анам тілін» атты мәнерлеп оқу сайысы, облысқа танымал Қ.Асқар бастаған ақындар қазылық еткен жыр оқу сайысы өте тартымды өтті. Ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері А.Байгазиева, А.Қарабек, М.Жандарбековалар өткізген ағылшын тіліндегі мәнерлеп оқу сайысы да көпшілікке жақсы әсер қалдырды. 6 «А», 6 «Б» сыныптары арасында сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен өткен «Киелі сандар сөйлейді» атты зияткерлік сайысы танымдылығымен ерекшеленді. 6 «Б» сынып оқушысы Т.Тен «Ұлтым – басқа, тілім – қазақ» атты мақаласын БАҚ бетіне ұсынғандығын хабарлады. 5-7 сыныптарда «Дарабоз» зияткерлік сайысын гимназияның ізденгіш ұстаздары Б.Түсенова, Б.Хайварқызы, Г. Саққұлақова дайындады. Шара әсерлі өтті. 9 «А» сыныбында қазақ әдебиетінен «Алаштың алдаспан абызы» тақырыбындағы Қазыбек бидің туғанына 350 жыл толуы мен тілдер апталығына арналған мазмұнды, тілдік, шешендік саладағы ашық сабақ сәтті өтті.

Жалпы, онкүндік гуманитарлық пәндер кафедрасының жетекшісі Ж.Намазбаеваның жетекшілігімен мазмұнды ұйымдастырылды. Шара «Тілім менің – тірегім» атты мерекелік концертпен қорытындыланды.

 

Р.ТЕМІРҒАЛЫ,

№92 гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.

Қарағанды қаласы

 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button