«Тіл жанашыры» байқауының жеңімпаздары марапатталды
Қарағандыда «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалының ғимаратында «Тіл жанашыры» байқауының жеңімпаздарына облыс әкімінің сыйлығы табыс етілді. Бұл марапат жыл сайын мемлекеттік тілді дамытуда қосқан үлестер үшін табысталады, – деп хабарлайды karaganda-region.gov.kz
Байқау зияткерлер, қоғам қайраткерлері, мемлекеттік және азаматтық қызметкерлер, бизнес және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері, мемлекеттік тілде еркін сөйлейтін түрлі ұлт өкілдері, үш тілді жетік білген жастар арасында жүргізіледі. Биылғы жылы 7 номинация бойынша 53 адам үміткер болды.
– Бүгін осында жиналып отырған барлығымыз біздің ұлттың және қазақ тілінің тағдырына бей-жай қарамаймыз. Себебі тек өз ұлты үшін жаны ашитың жандар ғана ана тілінің жанашыры болады, – деді аймақ басшысы Ерлан Қошанов Қазақстан халқының Тілдер күніне орайластырылған салтанатты марапаттау барысында. – Елбасы жуырдағы біздің аймағымызға іс-сапары барысында Қарағанды Қазақстанның тек индустриалды жүрегі ғана емес, сонымен қатар тарихы мол мідениет орталығы екенін атап өтті. Ал мәдениеттің, рух пен тарихтың тірегі – ол ана тіліміз. Президент: «Қазақстан бүкіл әлем бойынша халқы үш тілді еркін меңгерген жоғары сауатты ел ретінде қабылдануы тиіс», деді. Біз ол үшін не істеуіміз керек? Мемлекеттік тілді дамытып, орыс тілін қолдап, ағылшын тілін оқуымыз керек. Біз инвесторларды жұмылдырғымыз келеді, бірлескен бизнес құрып, елімізде туризмді дамытуды қалаймыз. Ол дегеніміз, әрқайсымыз өз ойын еркін түрде үш тілде жеткізе алу дегенді білдіреді.
Аймақ басшысы сыйлықты табыс ету тек салтанатты марапаттаумен ғана шектеліп қоймайтынын атап өтті. Нәтиже ретінде өткен жылы облысымызда жүзеге асырылған бінеше жобаларды да атап айтқан жөн. Сондықтан облыс әкімі сыйлық номинацияларының тізімін тағы бірауімен толықтыруды тапсырды. Осылайша оқыту әдістерінің ең тиімдісін де марапаттау қарастырылады.
– Бір жыл бұрын «Тіл жанашыры» сыйлығын табыс ету барысында біз мемлекеттік мекемелерде мемлекеттік тілді бақылау және үйлестіру орталығын ашу мәселесін көтерген болатынбыз. Биылғы жылы дәл осы салада қызмет ететін республикамыздағы бірінші Ресурстық тіл орталығы өз жұмысын бастап кетті. Бұл орталық аймағымызда латын қарпіне көшу жұмыстарын реттейді. Сонда-ақ біз өткен жылы Қазақ тілі қоғамының кеңсесін аштық, – деп атап өтті Ерлан Қошанов. – Бүгінгі таңда қазақ тілін оқимын деушілер қатары қалың, жәнеде ол үшін жағдайлар жасалып жатыр. Алайда сонымен қоса жаңа, тиімді әдістерді құру қажет. Осыған орай, мен келесі жылы «Ең үздік әдістеме» номинациясын енгізуді тапсырамын.
Комиссия шешімі бойынша «Тіл жанашыры» сыйлығы мемлекеттік тіл саясатын белсенді насихаттайтын аймағымыздың жеті тұрғынына табысталды. Биылғы жылы Қарағанды облысы әкімінің «Тіл жанашыры» сыйлығын алғандар:
Басты номинация «Тіл майталманы» – «Сарыарқа» телеарнасының телебағдарламаларды әзірлеу бөлімінің редакторы Әшмұхан Жанпейісов.
«Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте» – Айтбай Жұмағұлов, Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ Қазақ әдебиеті кафедрасының доценті.
«Тіл жаршысы» – Гүлнұр Әбеуова, «Абай Ақиқаты» аудандық газетінің директоры және бас редакторы.
«Үздік телехабар» – Гүлнұр Көкиева, «Бірінші Қарағанды» телеарнасының жүргізушісі.
«Тіл білгірі» – Евгений Янке, Ж. Ақылбаев атындағы эксперименттік мектеп-гимназиясының 10 сынып оқушысы.
«Жас полиглот» – Абылай Каринов, Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мұражайының ғылыми қызметкері
«Мемлекеттік тіл бизнесте» – «Нәтиже» ЖШС сүт фабрикасы.
Сыйлық мөлшері 250 мың теңгені құрайды, «Тіл майталманы» басты сыйлығы – 1 млн теңге.
«Тіл жанашыры» облыс әкімінің сыйлығы жыл сайын 2012-ші жылдан бері Қазақстан халқының Тілдер күніне орайластырылған салтанатты шара барысында табыс етіліп келеді.