Қарағанды

«Тіл – татулық тірегі»

Елбасымыз «Тілдердің үш тұғырлылығы» атты мәдени жобасында: «Бар әлемге білімді мемлекет ретінде танылу үшін қазақ елінің әрбір азаматы үш тілді қатар білуі керек. Олар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қарым-қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға кірігу тілі» деп атап көрсеткен болатын.

№18 орта мектепте осы үш тілдің құдіретін, ұлылығын таныту, тіл мәртебесін көтеру мақсатында «Тіл – татулық тірегі» тақырыбында онкүндік өтті. Онкүндікте пән мұғалімдері «Халықтарды біріктірген мемлекет», Үш тілде мәнерлеп оқу сайыстары, «Ұлтым басқа – тілім қазақ» айдарында мемлекеттік тіл мәселесі туралы, «Латын әліпбиіне көшу – заман талабы» тақырыбында, «Алаштың алдаспан абызы» Қазыбек бидің  350 жылдық мерейтойына арналған (дөңгелек үстел), «Ұлылардан жеткен ұлағат» тақырыбында жазушы, драматург Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің туғанына 120 жыл толуына орай  сыныптан тыс тәрбие сағаттарын өткізді. Өткізілген іс-шарада мектеп оқушылары белсенділік танытты.

Тіл – халық мәдениетінің қайнар көзі, ұлттығымыздың белгісі. Ендеше, тіл кез келген ұлттың ұлылығын, оның тазалығын рухани ерекшелігімен саралайтын көненің көзі, бабалар сөзі, халықтың өзі – деп ұғынамыз.

                                                                                 Майра Медеубаева,

                                 №18 орта мектебінің қазақ тілі мен

     әдебиеті пәнінің мұғалімі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button