Жаңалықтар

«Террикон алқабының» адымдары

Былтырдан бастап Қарағандыда IT-жобалар мен стартаптарды қолдау бойынша бірегей жоба – «Террикон алқабы» технологиялық IT-хабы іске асырылуда. Ұйымдастырушылар жергілікті IT және digital community-ді дамытуды және мамандарға дәріс, курс, конференция форматтарында, сондай-ақ, кәсіпкерлерге Акселератор және Инкубатор арнайы бағдарламалар шеңберінде стартап негізіндегі оқыту іс-шараларын жүзеге асыруда. Мұның басы-қасында Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы тұр. Атқарылып жатқан ауқымды істер ақысыз негізде іске асырылып келеді.

Қазірге дейін 300-ден астам оқыту іс-шаралары өтіп, 270 компания инкубациялық және акселерация­лық бағдарламалардан сәтті өтті. Оның ішінде «Террикон алқабы» логистикалық қызметтер, Медициналық технологиялар саласындағы жобаларға нөлден бастап 350 000 доллардан астам сатылым жасауға тікелей көмектесті. Өткізілген дәріс­тердің әрқайсысы жас мамандарға IT, маркетинг және бизнес бағыттары туралы көбірек білуге, салаға кіру шектерін түсінуге, қажетті дағдылар мен білімдерді үйренуге, сондай-ақ, пайдалы бастамаларды құру үшін бизнес қауымдастыққа кірігуге тың мүмкіндік берді. Мамандар өз кезегінде әріптестерінің тәжірибесін қабылдап, түрлі кейстерді зерттеп, серіктестер мен инвесторларды тауып, өз компанияларының өсуі мен ауқымы үшін жаңа мүмкіндіктерді игере алды. Болашақта алған білімдерінің арқасында іс-шараға қатысушылар Қарағандыда IT және кәсіпкерлік саласын дербес дамытады, осылайша қалаға материалдық қаражат тартып, ұлғайтады деген болжам бар.

Террикон алқабының тағы бір білім беру жобасы – Terrikon school бағдарламалау мектебін атап өтелік. Мектептің айрықша ерекшелігі, курс­тарды тек қазіргі бағдарламашылар ғана оқытады. Ал, бағдарламаның өзі дағдыларды практикалық шоғырландыруға және мамандықты шындыққа жақын жағдайда зерттеуге бағытталған. Оқу аяқталғаннан кейін қатысушылар Junior дайындық деңгейін растайтын сертификаттар иеленеді.

Алайда, оқыту шарасы «Террикон алқабында» жүзеге асырылатын жалғыз бастама емес. IT-хабта коворкинг, подкостерн, лекториялар, конференц-зал және келіссөз бөлмелері бар. Осының бәрі резиденттерге жұмыс күнін сапалы ұйымдастыруға және шығармашылық әлеуетін жүзеге асыруға кең мүмкіндік береді.

«Террикон алқабының» соңғы жетістіктерінің қатарында оқу бағдарламаларының түлектерінің Кремний алқабында оқуға қатысуы болды. Қазақстан мен Дүниежүзілік банктің цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі минис­трлігінің бастамасымен, сондай-ақ Astana Hub және Draper University арасындағы ынтымақтастықтың арқасында бірден 15 стартап негізін қалаушы АҚШ-қа оқуға кетті.

– Бұл Қазақстан бойынша ашылған алғашқы IT-hub. Бұнда IT мамандардың дамуы үшін тегін іс-шаралар өткізумен айналысамыз. Әртүрлі конференциялар, кездесулер, мастер-кластар және жаңа технологияға сай мамандарды дайындау жұмыстары жүргізіледі. Олардың бірі – акселератор және инкубатор жобасы. Қазіргі уақытта Террикон алқабы орталығында 60-70 орынды қамтитын екі дәрісхана бар. Сондай-ақ, ақылы және тегін түрде коворкинг және подкаст-студиялар жұмыс істейді. Біздің басты мақсат – 2025 жылға дейін 10 мың IT маман даярлау. Ол үшін біз қаламыздың университеттері мен колледждері арасында өзара байланысты нығайтамыз, – деп мәлімдеді IT-hub Террикон алқабы директоры Сабир Ниязов.

Ерқанат КЕҢЕСБЕКҰЛЫ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button