Аймақ

Теміртауда жастар үйі ашылады

Биыл Теміртауда жастар үйі ашылады. Оған мыңнан астам адам бара алады. Әлеуметтік нысан ғимараты қаланың шығыс бөлігінде орналасқан.

Нысанда Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев болып қайтты. Аймақ басшысына бұл жерде бұрын колледж болғанын, бірақ бірнеше жылдар бойы ғимарат иесіз болғанын мәлім етті. Қазір мұнда қайта қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр.

Орталықта 150 орындық акт залы, спорт және би залдары, екі коворкинг-орталық болады. Мұнда еріктілер мен жастар ұйымдарын орналастыру, дыбыс жазу студиясын ашу жоспарлануда.

Ерекше қажеттіліктері бар балалар үшін инклюзивті үйірмелер жұмыс істейтін болады. Ардагерлер ұйымдары үшін де орын бар.

Нысанды қыркүйек айында тапсыру жоспарлануда.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button