Аймақ

Теміртауда суға түсуге рұқсат етілген және тыйым салынған орындар тізімі бекіді

Қарағанды облысында суға түсу маусымы 1 маусымда басталады. Бірақ суға түспес бұрын қауіпсіздік ережелерін білу қажет. 

Теміртау қаласындағы суға түсуге рұқсат етілген орындардың тізімін ақпарат үшін ұсынамыз:

– қалалық жағажай, Самарқанд су қоймасының жағалау белдеуі;

– «Солнечная лагуна» жағажайы, Самарқанд су қоймасының жағалау белдеуі;

– «Сан-Тропе» жағажайы, Самарқанд су қоймасының жағалау белдеуі;

– «Ракета» демалыс базасы, Самарқанд су қоймасының жағалау белдеуі;

– «Космонавт» отбасылық демалыс орталығы, Самарқанд су қоймасының жағалау белдеуі;

– «Жас Алаш» балалар сауықтыру лагері, Самарқанд су қоймасының жағалау белдеуі;

– «Лофт» демалыс аймағы;

– «АрселорМиттал Теміртау» АҚ конвертер цехының демалыс аймағы, Самарқанд су қоймасының оң жағалауы;

– «Факел» балалар сауықтыру лагері, Самарқанд су қоймасының оң жағалауы;

– «Дружный» демалыс аймағы, Самарқанд су қоймасының оң жағалауы;

– «АрселорМиттал Теміртау» АҚ № 1, 2, 3 табақша металлды илемдейтін цехтарының демалыс орындары, Самарқанд су қоймасының оң жағалауы;

– «АрселорМиттал Теміртау» АҚ домна цехының демалыс аймағы, Самарқанд су қоймасының оң жағалауы;

– «АрселорМиттал Теміртау» АҚ кокс-химия өндірісінің демалыс аймағы, Самарқанд су қоймасының оң жағалауы;

– «АрселорМиттал Теміртау» АҚ механикалық цехының демалыс аймағы, Самарқанд су қоймасының оң жағалауы;

– «АрселорМиттал Теміртау» АҚ темір жол көлігі басқармасының демалыс аймағы, Самарқанд су қоймасының оң жағалауы;

– «Самал» санаторий-профилакториі, Самарқанд су қоймасының оң жағалауы;

– Жемчужина жағажайы, Мичурин көшесі;

– «Семь пятниц» жағажайы, Мичурин көшесі.

Теміртау қаласында суға түсуге тыйым салынған орындар:

 – Теміртау қаласының шығыс бөлігіндегі «АрселорМиттал Теміртау» АҚ техникалық арналары;

– Теміртау қаласының батыс бөлігіндегі «Bassel Group LLS» ЖШС техникалық арналары;

– қаланың ескі бөлігіндегі Нұра өзені, Республика даңғылының бойындағы көлік көпірінен Чкалово ауылына дейін, ұзындығы 1000 м;

– «Лагуна» дәмханасының жанындағы шұңқыр, «Алматы-Екатеринбург» тас жолының 1054 км ауданында – су айдынының барлық акваториясы;

– Леверово су қоймасы, Ақтау ауылының маңында – су айдынының барлық акваториясы;

– «Ритуал» зиратының аймағындағы орналасқан қазаншұңқыры – су айдынының барлық акваториясы;

– Нұра өзенінің сол жағалауы Самарқанд су қоймасына құятын жерден  Ғ.Мұстафин кентінің ауданында – ұзындығы 9055 м жағалау белдеуі;

– қаланың шығыс бөлігіндегі Самарқанд су қоймасының сол жағалауы, Нұра өзенінің құйылуынан «Солнечная лагуна» демалыс аймағына дейін – ұзындығы 12500 м жағалау белдеуі;

– қаланың солтүстік бөлігіндегі Самарқанд су қоймасының сол жағалауы, айлақтан «Сан-Тропе» жағажайына дейін – ұзындығы 260 м жағалау белдеуі;

– қаланың солтүстік бөлігіндегі Самарқанд су қоймасының сол жағалауы, «Сан-Тропе» жағажайынан «Жемчужина» жағажайына дейін -ұзындығы 115 м жағалау белдеуі;

– қаланың солтүстік бөлігіндегі Самарқанд су қоймасының сол жағалауы, «Жемчужина» жағажайынан Құтқару бөлімшесіне дейін – ұзындығы 170 м жағалау белдеуі;

– қаланың солтүстік бөлігіндегі Самарқанд су қоймасының сол жағалауы, Құтқару бөлімшесінен қалалық жағажайға дейін – ұзындығы 215 м жағалау белдеуі;

– қаланың солтүстік-батыс бөлігіндегі Самарқанд су қоймасының сол жағалауы, қалалық жағажайдан гидротехникалық құрылысқа дейін – ұзындығы 6000 м жағалау белдеуі;

– Самарқанд су қоймасының оң жағалауы, гидротехникалық құрылыстан Нұра өзеніне құйылуына дейін – ұзындығы 30 000 м жағалау белдеуі, суға түсуге рұқсат етілген орындарды қоспағанда,

Техникалық арналар – өндірісте қолданылатын суды ағызу үшін арналған инженерлік құрылыстар. Сондықтан оларда суға түсуге қатаң тыйым салынады.

«Тыйым салынған тізімде» белгіленген су қоймалары мен олардың жекелеген учаскелерінің түбі лайлы, тереңдігі күрт өзгерген, жағалаулары суға қауіпсіз кіруге және судан шығуға жарамсыз, суда әртүрлі қоқыс болуы мүмкін. Мұның бәрі суға түсушілерге қауіп төндіреді.

ӘҚБтК-нің «Ортақ су пайдалану қағидаларын бұзу» 364-бабына сәйкес тыйым салынған жерлерде суға түсу ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – 2, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 7, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – 17, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне 42 АЕК мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғатынын ескертеміз.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button