Теміртауда кәсіпкерлерді шулатқан ұрылар құрықталды

Теміртаулық полицейлер кәсіпкерлердің тынышын бұзған екі азаматтың қолына кісен салды. Олар жеті бірдей дүкен мен супермаркетті тонап кеткен. Ұрланған заттарды жергілікті базарда саудалап, оңай жолмен пайдаға кенелген.

Қос бірдей азамат түнгі уақыттарда дүкендердің есік-терезесін бұзып кіріп, дабыл жүйесінің іске қосылғанына қарамастан сөредегі заттарды ұрлап кетіп отырған. Ұрлыққа әбден машықтанған топтың өкілдері күзетшілер мен полицейлер келгенше оқиға орнынан қашып кетіп үлгерген. Жеті бірдей дүкен иесіне айтарлықтай шығын келтірген топ қолға түскен соң,  базардағы алыпсатарлар да анықталды. Ұрланған тауарлар кәсіпкерлерге қайтарлыған.