АймақТеміртау

Теміртауда екі жастағы бала терезеден құлап кетті

Теміртауда Металлургтер көшесіндегі 5 қабатты тұрғын үйдің екінші қабатынан 2 жастағы бала құлап кеткен.

Жазатайым оқиға 17 қыркүйекке қараған түні сағат 3.50-де болған. Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, бала ата-анасының қарауынсыз қалған. Анасы көрші бөлмеде болған. 

Қазіргі таңда, бала ауруханаға жатқызылған. Дәрігерлер жағдайын орташа деп бағалайды.

Айта кетейік, биылғы жылдың 9 ай ішінде балалардың терезеден құлау оқиғасы осымен 24-ші мәрте тіркеліп отыр.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button