АймақБас тақырыпТеміртау

Теміртауда қала әкімі төтенше жағдай режимін жариялады

Теміртауда төтенше жағдай жарияланды. Бұл туралы бүгін, 30 наурызда қала әкімі Ораз Тәуірбеков өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.

– Құрметті теміртаулықтар, кеше оң жағалау тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ететін су құбыры учаскесінде пайда болған технологиялық ақауға байланысты, біз бұл аймаққа ауыз су беруді уақытша тоқтатуға мәжбүр болдық.

Қалыптасқан жағдайдың барлық салдарын ескере отырып және қолданыстағы заңнаманың нормаларын басшылыққа ала отырып, мен төтенше жағдай режимін жарияладым. Оның аясында біз ауыз сумен жабдықтаудың штаттық режимін қысқа мерзімде қалпына келтіру үшін барлық қажетті шараларды қабылдаймыз, – деді қала әкімі.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button