АймақБас тақырыпҚарағанды

Су тасқынымен күрес жалғасуда

Апаттық жағдайлар орын алған республикалық, облыстық маңызы бар және жергілікті тас жолдардың 10 учаскесі полицияның ерекше бақылауында.

Сурет: облыстық ТЖД

Республикалық маңызы бар «Алматы -Екатеринбург» тас жолының Ақсу-Аюлы елді мекені жанынан су тасқынынының жол үстінен өтуіне байланысты Қарағандыдан Балқаш қаласына баратын жол жабылғанын кеше хабарлаған болатынбыз.

Судың жол үстінен өтуі Топар кентінен Ұлытау облысы бағытына, Теміртау-Нұра және Ботақара кентіне қарай баратын жолдағы Петровка елді мекені жанында орын алуда.

Қарқаралы бағытында Ботақара ауылы арқылы Павлодар тас жолының бойымен Доскей, Сенокосное ауылдары арқылы өтетін айналма жол бар.

– Аталған тас жолдарда полиция қызметкерлерімен жолдарды жабу және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында күшейтілген режимде жұмыс атқарылуда.

Жалпы облыс бойынша су тасқыны кезінде жол жабу үшін Полиция департаментінің 86 жеке құрамы және 42 бірлік техника жұмылдырылды.

Облыс жолдарында шамамен 350 жеңіл, 320 жүк және 26 қоғамдық көлік, сондай-ақ 3 мыңнан аса жүргізушімен жолаушылар қалып қойды.

Төтенше жағдайлар департаменті және жергілікті атқарушы билік өкілдерімен қауіптің алдын алу мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылуда.

Қарағанды облысы тұрғындарымен қонақтарын қауіпсіздік шараларын қатаң сақтап, алыс жолдарға шықпауға шақырамыз, – дейді облыстық ПД мамандары.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Видеода: Даулет Қонақбаев – Қарағанды облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының инспекторы

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button