Коронавирус

Теміртауда 6 адамнан коронавирус анықталды

Бүгін Қарағанды облысында коронавирус инфекциясын жұқтырудың 6 жағдайы тіркелді. Олардың барлығы Теміртау қаласының тұрғындары. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

“COVID-19 инфекциясы  1946, 1963, 1977,  2006 жылдары дүние келген 4 әйелден және 1938,  2010 жылдары туған 2 ер адамнан анықталды. Олар бұрын індет жұқтырған науқаспен байланыста болған. Науқастар вирус анықталған кезде карантиндік госпитальде болды.
Бүгінгі таңда облыста инфекцияның 99 жағдайы тіркелді, оның біреуі қайтыс болды, 13 науқас жазылып шықты”, – делінген хабарламада.

 

Басқа материалдар

Back to top button