Бас тақырып

Теміртауда 30-дан астам сарбаз уланып қалды

Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына ҚР Ұлттық ұланына қарасты 5516 әскери бөлімінің 36 әскери қызметшісі түскен. Оның ішінде 31 әскери қызметші алдын ала қойылған ішек инфекциясы диагнозымен және 5 әскери қызметші жіті респираторлық вирустық инфекциялар диагнозымен жатқызылған.

Сурет: newtimes.kz

Ұлттық ұланның баспасөз қызметі әскери қызметкерлердің Теміртаудағы жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылғанын растады.

– 36 әскери қызметкер ауруханаға жатқызылды, олардың 31-і жедел ішек инфекциясы және бес әскери қызметкер жедел респираторлық вирустық инфекция диагнозымен ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта ауырып жатқандардың жағдайы қанағаттанарлық, жаңа шағымдар тіркелген жоқ, – деп хабарлады ведомство.

Аталған факті бойынша қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button