Жаңалықтар

Теміртау тұрғыны өмір бойына бас бостандығынан айырылды

Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты мас күйінде екі жасар баланы өлтірген Теміртау тұрғынын өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесті.

Сурет: rupor.md сайтынан алынды

Оқиға Теміртау қаласында наурызда орын алған. Аспазшы болып жұмыс істейтін анасының айтуынша мереке қарсаңында жұмыс көп болып, сәбиін күйеуіне екі күнге тастап кеткен. Жұмыстан қайтып келгенде баласын өлі күйінде тапқан.

Іс облыстың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды. Теміртау тұрғыны ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы «Адам өлтіру» бойынша сотталды.  Сотта анықталғандай, 21-наурызда ер адам үйде баламен оңаша отырып, ішімдік ішкен. Жылағаны жүйкесіне тиген ол  баланы аяусыз ұрып-соққан.

Сотталушының кінәсі толық дәлелденді. «Адам өлтіру» бабы бойынша 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Прокурор сотталушыны өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұрады. Нәтижесінде сот Теміртау тұрғынын баланы аса қатігездікпен өлтіргені үшін өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Судья кісі өлтіру ерекше қатыгездікпен жасалғанын атап өтті. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ. Оған 15 күн ішінде шағымдануға болады.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button