Жаңалықтар

«Теміртау» мықтылығын танытты

  Теміртаулық «Теміртау» ел чемпионаты шеңберінде Рудныйдың «Горнягынан» айласын асырды. 2:4.

«Теміртаулықтар» қарсылас қақпасына төрт шайба тоғытты. Рудныйлықтар екі шайбамен шектелді.

Кездесудегі алғашқы қос шайбаны рудныйлықтар салды. 2-ші минутта Филонов, 16-шы минутта Титов «Теміртау» қақпасынан саңылау тапты. 2:0.

Бұдан кейін теміртаулықтар қарқынды күшейтті. Қарсыластар қорғанысын бұзып-жарып, төрт мәрте Рудный қақпасын дәл көздеді.

26-шы минутта Пономарев, 46-шы минутта Сидоренко, 53-ші минутта Незнамов мергендігін танытса, матчтың тәмамдалуына сәл қалғанда Кудрявцев таблодағы көрсеткішті өзгертті. 2:4.

Кеше қос команда тағы да бір рет Рудныйдағы мұз айдынында кездесті.

Нұрқанат ҚАНАФИН

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button