Жаңалықтар

Темірғали Аршабеков, тарихшы, археолог: «Болашақта Түркістанның кішігірім Мекке, екінші астана болуға мүмкіндігі бар»

“Мен қол қойған “Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы” Заңның 3-бабының 1-тармағына сәйкес, Шымкент республикалық маңызы бар қала мәртебесіне ие болды. Бұл әкімшілік бірлік еліміздің он жетінші аймағы атанды. Ал қазақ хандығы мен түркі әлемінің жүрегіне айналған Түркістан қаласы облыс орталығы болып бекітілді”. Елбасының осы сөзі қазақстандық БАҚ беттеріне сүйіншілеп жариялана бастаған кезде қалпағын көкке атқан қазақ қалмады десек, артық айтпағанымыз.

Содан бері екі ай толып, туралған еттей өте шықты. Жаңа өңірдің жалпы дамуына үлкен импулсь берілгені – айдан анық. Алайда, осы орайда ел ағаларының пікірі керек-ақ. Ендеше абыз қаланың жаңа тарихындағы елеулі оқиға туралы тарихшы айтқан қандай жарасымды боларын ескеріп, Темірғали Аршабеков ағамызбен сұхбаттасқан едік:

«Елбасының ішкі туризмді дамыту мақсатында ол экономиканы қалыптастырмай, ол өңірде тек туризмді алып кету өте қиын. Сондықтан, ішкі туризмді дамыту үшін əрине, экономикалық тірек керек. Ал, ол əкімшілік тараптың қолдауынан болады. Болашақта бұл кішігірім Мекке, екінші астана болуға мүмкіндігі бар. Өйткені, болашақта барлық өңірлер экономикалық, əлеуметтік жағынан қолдау көрсетіп жатса, бұл тарихи орын ғана емес, болашақ экономикалық орталыққа айналып кетуге мүмкіндігі бар. Сондай-ақ, Шымкент қаласының əлеуметтік жағынан демографиялық өсімі Қазақстан бойынша бірінші орында. Елбасының бастамаларының бірі өңірлерді дамыту. Осы бастама бойынша Түркістан облысының ішкі туризмін дамыту қолға алынып отыр. Ол əрине қолдау табады. Мысалы, Астананың 20 жылдығына əр облыс қолдау көрсетіп, тарту жасады, сол сияқты əр өңір Елбасының бастамасын қолдап, экономикасына көмектесуі ықтимал.

Туризмнен түсетін қаржы аздық етеді. Сондықтан, экономикасында мемлекетке түсетін қаржы. Түркістан облыс орталығы болғандықтан, ішкі қаржы əлдеқайда көбейеді. Соның арқасында əлеуметтік сала дамиды, өнеркəсіп саласы. Ол шығыстағы, батыстағы ірі өнеркəсіп саласы емес, шикізат кəсіпорындарын дайындау. Оңтүстікке бейімделген шикізат түрлерін дамыту қалыптасады. Қала халқы көбейеді, демографиясы өсіп, 2-3 жылдың ішінде қарқынды дамиды. Бес əлеуметтік бастама – биыл енгізілген жаңа қадам. Бастаманың бірі өңірлердің газбен қамтылуы жайлы айтар болсақ, Қызылорда – Астана бағытында жол бойындағы бірнеше елді мекендерді газбен қамту. Өңірлерде енді көмір емес, газ қолданылады. Барлық жерде газ қолданылатын болса, адамның күнделікті тұрмысын жеңілдетеді. Сондықтан, газдың пайдасы əлдеқайда тиімді. Қазір ол өңірде тек Қожа Ахмет Йассауи университеті ғана бар. Болашақта енді ЖОО-лардың филиалдары ашылады деп ойлаймын. Кадрларды даярлау – алда қарастырылатын мəселе. Экономикалық, мəдени жағынан дамитыны белгілі. 1998 жылы Алматыдан Астанаға көшіп келгенде қиыншылықтар болды. Ал, бұл оған қарағанда əлдеқайда жеңілдеді. Өйткені , біз ХХІ ғасырда экономикалық қалыптасқан елдердің біріміз».

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button