Руханият

«Бір түп алма ағаш» спектаклінің таныстырылымы өтті

27 сәуірде сағат 15.00-де Теміртау Мәдениет сарайында қаламызда тұңғыш ашылған «Жауыртау сазы» фольклорлық ансамблінің және экспериментальды қазақ жастар театрының тұсаукесері өтті.

Ансамбльдің жетекшісі Ержан Дәрменшеев, театрдың режиссер Киікбаев Бекмұхамед. Қарағанды облысының әкімінің орынбасары Е.Б.Құсайынның қатысуымен концерттік бағдарлама және Әлімбек Оразбековтың «Бір түп алма ағашы» спектаклін көрермендер тамашалады.

Теміртау Мәдениет сарайында экспериментальды қазақ жастар театры мен «Жауыртау сазы» фольклорлық ансамблінің ұйымдастырылуы, оларға металлургтер шаһарының өнерлі жастарының тартылуы үлкен жаңалық әрі құптарлық іс.

Театрдың және фольклорлық ансамбльдың талантты жастарын Ерлан Құсайын құттықтап:

– Теміртаудай тектілерді түлеткен тұғырлы мекенде бұған дейін орын алған үлкен олқылықтың орнын толтырып, «Жауыртау сазы» фольклорлық ансамблінің және «Жауыртау жауһары» атты экспериментальды қазақ жастар театрының ашылуы аймағымыз үшін үлкен жетістік, – деп атап өтті.

Әділет ШОПЕН

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button