АймақБас тақырыпҚарағанды

«Таза Қазақстан» road-эстафетасы Қарағанды облысында жалғасын табуда

Кеше, 10 маусым күні Астанада «AMANAT» партиясы ауқымды экологиялық акция – «Таза Қазақстан» Road-эстафетасын бастады. Экологиялық акцияға Қарағанды облысы да қосылды. Елордадан шыққан еріктілер Осакаров ауданына жетіп, жол бойынан 4 сағаттың ішінде 13 тонна қоқыс жинады. Одан соң Қарағандыға келді.

Суреттер: “Жастар рухы” жастар қанатынан

Ал кешкісін Қарағанды қаласының орталық саябағында ән шырқалып, ерекше акция өтті. Тұрғындар босаған бөтелкелер мен жиналған қоқысты арнайы сыйлыққа алмастырды. Сондай-ақ жастар эстафета аясында Шет ауданына барады. Ол жерде бірқатар экологиялық іс-шаралар өткізіледі және республикалық трасса қоқыстан тазартылады. Одан кейін Балқаш қаласына барады. Маршруттың жалпы ұзындығы 1200 км-ден асады және оның көп бөлігі Қарағанды облысы бойынша өтеді.

–  Қарағандыдан бастап, Шет ауданы мен Балқашқа дейін біздің 250-ден астам ерікті арнайы эстафетаға қатысады. Эстафетаның ең ұзын шақырымы, яғни 700 шақырымы Қарағанды облысына тиесілі. Біз кейін эстафетаны Жамбыл облысына тапсырамыз – деп атап өтті «AMANAT» партиясының Қарағанды облыстық филиалының төрағасы Бекзат Алтынбеков.

Тазалық шарасы тек жол бойында ғана емес, сонымен қатар автотұрақтар мен кемпингтерде де жүреді. Тазалау квадрокоптерлерді пайдалана отырып, аэро барлау деректері негізінде жүзеге асырылмақ. Жиналған қалдықтар қоқыс полигондарына шығарылады, олардың бір бөлігі қайта өңдеуге жіберіледі.

Осы аптада партияның жүздеген белсендісі мен «Жастар Рухы» жастар қанатының еріктілері «Астана – Алматы» тас жолы бойының аумағын тазартады.

Айта кетейік, аталған эстафета Ақмола, Қарағанды, Жамбыл, Алматы облыстары мен Алматы қаласының аумағы бойынша өтіп, жалпы 6 ауданды қамтиды. Іс-шара 14 маусымға дейін жалғасады.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button