Жаңалықтар

Таудан құлап мерт болды

Өткен демалыс күндері Қарағанды облысында адам өліміне әкелген қайғылы оқиға орын алды. Екі әйел Балқаштан 70 шақырым жердегі Бектауата тауына шығып, таудан түсу кезінде біреуі құлап кеткен.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 22 маусым күні кешкі сағат 20:15-те әйелдердің бірінен қоңырау түскен. Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар бір әйелді таудан түсіріп, екінші адамның денесін тапқан. 

– Оқиға орнына келген құтқарушылар альпинистік құралдарды пайдалана отырып, әйелге алғашқы медициналық көмек көрсетіп, оны таудан түсіріп, жедел жәрдем бригадасына тапсырды. Құтқарушылар 1970 жылы туған екінші адамның  денесін тапты, – делінген хабарламада.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.
Сурет пен видео: ТЖД

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button