Басты тақырыпРуханият

Татулықта – дін де дамиды

    Мамыр айының 13 жұлдызында Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Жандос ӘБІШЕВ католиктік кафедралды соборда Қасиетті Қыз Мария Фатимскаяның 100 жылдығына арналған мариологиялық конгресс аясында кардинал Павел Иосиф Кордестің қатысуымен өткен мессаға қатысты.

Сондай-ақ, аталған іс-шарада облыстың уәкілетті имамы Өмірзақ қажы Бекқожа және Қарағанды мен Шахтинск епархиясының епископы Севастиан да болды. Аймақ басшысының орынбасары Жандос Ақылсерікұлы облыс әкімі атынан мессаға қатысушыларды құттықтап, барлық дін өкілдеріне мықты денсаулық пен бейбіт өмір тіледі. «Облыс көлемінде түрлі дін өкілдері мамыражай тірлік кешуде. Елбасы Н.Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында елімізде татулық пен тыныштық орнап, адамзаттың игілігіне жараған діндердің дамуына жағдай жасалуда. Католиктік епархия – қоғамдағы татулық пен келісімді нығайтуға маңызды үлес қосу арқылы облыстың қоғамдық-саяси өміріне белсене қатысып қана қоймай, өсіп келе жатқан ұрпақ арасында патриоттықты насихаттайды және біз соған қуанамыз», – деді ол өз сөзінде.

10-14 мамыр аралығында Қарағанды қаласында кардинал Павел Иосиф Кордестің, нунциус – ҚР Ватиканның елшісі Фрэнсис Ассизи Чулликаттың, Ресейдегі Ватикан елшісі Челестино Мильоренің, сондай-ақ, Германия, Ресей және Орта Азиядағы католицизм өкілдерінің қатысуымен Қасиетті Қыз Мария Фатимскаяның көрінуінің 100 жылдық мерейтойына арналған мариологиялық конгресс өткенін естеріңізге сала кетейік.

Жәнібек ӘЛИМАН

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button