Руханият

Ташкентте топ жарды

21-23 наурыз аралығында Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында «Таланты Spring Fest» халықаралық өнер байқауы өтті. Байқау қатысушылары ұлттық аспапта күй орындау, халық әндерін орындау, эстрадалық бағыттарында бақ сынасты.

Сурет: байқау жеңімпаздарынан

Қарағанды, Петропавл, Павлодар облыстары мен Алматы, Астана, Қосшы қалаларының өнерпаздары ел намысын қорғады.

Өнер байқауында Қарағанды облысынан барған «Руханият» ансамблі «Ер-Тұран» күйін күмбірлете орындап, Бас жүлдені жеңіп алды. Ансамбль жетекшісі  –  Жазираш Бимарденова.

Ал, жеке орындау бойынша Нұрғиса Сәлімов, Ерасыл Игілік, Нұрмұхамед Үкібас, Бекарыс Серік, Нұрасыл Қуандық өз жас санатында І орынға ие болып, лауреат атанды.

Әріптесіміз, «Ortalyq Qazaqstan» газетінің жауапты хатшысы Жәлел Шалқардың ұлы Нұрасыл Қуандық ансамбль құрамында дауылпазда ойнап, жеке орындауда Құрманғазы Сағырбайұлының «Балбырауын» күйін тамылжыта орындағанын айта кеткен жөн.

Сонымен қатар, жан-жақтылығын танытып, халық әндері бағытында өнер көрсеткен Нұрғиса Сәлімов жүлделі екінші орыннан көрінді.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ. 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button