АймақШет

Тасқынға дайындық – тас-түйін

Шет ауданында көктемгі су тасқынына дайындық жұмыстары жүргізілуде. Аудан әкімі Мұхит Мұхтаровтың тапсырмасына сәйкес, ауданның Төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы М.Жапаров және аудан әкімі аппаратының төтенше жағдайлар жөніндегі бас маманы О.Төлеубаев аудан аумағындағы су басу қаупі бар елді мекендерді және су қоймаларын бақылап қайтты.  

Жауапты мамандар Ақадыр, С.Сейфуллин кенттері және Нұраталды, Талды, Красная поляна, Ақой, Батық, Бұрма, Шет, Тағылы, Төменгі Қайрақты ауылдық округтерін және «Таңатбай», «Красная поляна» су қоймаларын аралап қайтты. Іс-сапар барысында ауылдық округ әкімдіктерінің көктемгі су тасқыны кезіндегі төтенше жағдайлардың алдын алуға қарсы жұмыстарымен танысып, арықтар мен су өткізу құрылыстарының тазалығы мен елді мекендердегі қар тазалау жұмыстарын тексерді.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

Оrtalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button