Спорт

Тартысты ойында табандылық танытты

Қарағандылық «Сарыарқа» хоккей клубы кезекті жеңісіне қол жеткізді. Сырт алаңда «Ертіс» клубымен кездесіп, қарсыластарын 2:4 есебімен жеңді.

Суреттер: клубтың әлеуметтік желідегі парақшасынан

Жерлестер соңғы ойынында «Арлан» клубын тізе бүктірген еді. Бұл жолы да олар жеңісті жолын жалғастырды.

Алғашқы айналымда жерлестер сапынан Тимур Шингареев есеп ашқан болатын. Араға 13 минут салып таразы басын теңестірді. Гол авторы – Нияз Абдрашитов.

Екінші айналымда жерлестер есепте алға шықты. Бұл жолы Егор Кузьменко көзге түсті. Үшінші айналымда алаң иелері сапынан Артур Шетле шайба салды.

Ойынның 47-ші және 57-ші минутында Антон Золбин қос шайбаны қақпаға тоғытып, қарсыластарын қапы қалдырды.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button