Қарағанды

Тарихқа тағзым – Тәрбиеден

    Жуырда қаламыздағы №134 «Гауһар» балабақшасында «Тәуелсіздік деп соғады жүрегім!» атты 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының 30 жылдығына арналған мерекелік кеш өтті. Кешке ата-аналар, тәлімгерлер, сондай-ақ, бүлдіршіндер қатысты. Желтоқсан құрбандарын бір минут үнсіз еске алып, іс-шараның құттықтау сөзін балабақша директоры Д.Инкабекова мен әдіскер М.Тюлембекова айтты. Әрі қарай азаттықты аңсаған алаштың аймаңдай ұлдары мен қыздарын азаптаған жендеттердің жантүршігерлік ауыр оқиғасын шынайылықпен сахналаған балабақша тәрбиешілері көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. «Балапан» тобының тәрбиешісі А.Әбілқайыр оқыған монолог кешегі тарих келешектің санасында бүгін жаңғырғандай ерекше әсерге бөледі. Сонымен бірге А.Адамбекова, Р.Тохметова, Ж.Бейсембаева орындаған әуелі ән мен көркем сөз көпшіліктің көкейінен орын алды.

   Зал бұрышынан кітап көрмесі ұйымдастырылып, шолу жасалды. Сонымен бірге «Желтоқсан жолындағы құрбандары» атты слайд, «Тарих тағылымы», «Желтоқсан желі» атты бейне таспалар көрсетілді. Көрермендер әні мен күйі әдемі әсерге бөлеген тағылымды кештен татымды ой түйіп қайтты.

Мирас АСАН

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button