Жаңалықтар

Тараздағы табандылық

«Шахтер» Таразда табандылығын танытты. Алғашқы тайм «Таразға» қауқарын көрсете алмаған қарағандылықтар екінші таймда қаһарына мінді.

Бірінші тайм «тараздықтардың» басымдығымен тәмамдалды. 17-ші және 28-ші минуттарда Бактиер Зайнутдинов қос гол соғып, командасын алға шығарды. 2:0.

Үзілістен кейін жерлестеріміз қарқынды күшейтті. Милан Стоянович 49-шы минутта пенальтиді мүлт жібермеді. 2:1.

Бұдан кейін де Милан босқа жүрмей, 76-шы және 83-ші минутта қарсылас қорғанысы мен қақпашысын екі мәрте қапы қалдырды. Сөйтіп, өз есебіне үш гол жазды.

Қазір «Шахтерде» 39 ұпай. Турнир кестесінің 6-шы сатысында.

Бәйге басында 73 ұпайы бар «Астана». Екінші орын «Қайраттың еншісінде (72 ұпай). Үздік үштікті 55 ұпаймен «Ордабасы» тұйықтауда. Турнир табанында көкшетаулық «Оқжетпес» (24 ұпай).

Келесі турда «Шахтер» қостанайлық «Тобылмен» кездеседі. 28 қазан күні.

Нұрқанат ҚАНАФИН

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button