Вакцинация

Таптырмас мүмкіндік

COVID-19 вакцинасының бірінші компонентімен егілген Саран қаласы мен Ақтас кентінің тұрғындары арасында сыйлықтар ойнатылады. Ұтыс ойынына қатысу үшін 11-19 қыркүйек аралығында вакцина алу қажет.

Екпе алған азаматтар арасында 12 жүлде ойнатылады. Олардың ішінде электросамокаттар, смартфон, AirPods сымсыз құлаққаптары бар. Ең құнды сыйлық – скутер.

Қатысушы Саран қаласы мен Ақтас кентіндегі вакциналау орталығынан коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның бірінші компонентін алып, аты-жөнін ұтыс журналына қалдыруы керек.

Жүлделер 20 қыркүйекте сағат 15:00-де @apparat_akima_saran Instagram әлеуметтік парақшасында тікелей эфирде ойнатылады. Тегін вакцина алып, біріншіден денсаулығыңды сақтайсың, екіншіден, бағалы сыйлықтарға ие боласың. Мұндай мүмкіндік таптырмайды.

 

Басқа материалдар

Back to top button