Жаңалықтар

Танымал компаниялар – демеушілер қатарында

«ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесіне қатысуға 100-ге жуық мемлекет және 20-ға жуық халықаралық ұйыммен бірлескен келісім-шарт жасалды. Олардың қатарында баламалы энергетика саласында көшбасшы мемлекеттер – Германия, Ұлыбритания, Франция, Қытай сияқты мемлекеттер бар.

Сондай-ақ, осы күнге дейін 93,3 миллион еуро көлемінде демеушілік көмек туралы келісім-шартқа қол қойылған. Демеушілер қатарында СISCO, SAMSUNG, Shell, SIEMENS, DHL, SHEVRON, COCA-COLA сияқты әлемге танымал компаниялар бар.

Бұл деректер жетекші елдер мен ірі демеушілер тарапынан «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесіне қатысуға қызығушылық барын көрсетеді.

Әзірлеген:Қуаныш АМАНҚҰЛОВ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button