Аймақ

Талдыда наубайхана ашылды

Талды ауылында шағын наубайхана ашылды. Енді, ауыл тұрғындары шалғайдағы қала орталығына сабылмайды. Кәсіп иесі – Еркеш Түсіпқызы. Наубайхананың ашылу рәсіміне Талды селолық округінің әкімі Нұрлан Аманұлы қатысып, кәсіпкердің ісіне табыс тіледі.

– Бүгінге дейін ауылдықтар нанды қаладан тасымалдайтын. Үстеме бағасы да арзан болмайтын. Сондықтан, осыдан екі ай бұрын Талды, Берекет, Байбала, Ақбауыр мен Ақшоқы, Аққияқ ауылдарына ортақ наубайхана ашуды жоспарлаған едік. Кәсіпкер Еркеш Түсіпқызына осы істі тапсырып, қолдан келер барлық көмегімізді бердік. Қарағандыдағы «Айсара» диірмені мен ауыл әкімдігінің келісімі бойынша арзан ұн алып тұруға келісілді. Демеушілік жасап отыр­ған диірмен басшысы Бидәулет Балтабаев мырзаға мың рахмет, – деді Нұрлан Аманұлы.

Айта кетейік, қазіргі таңда наубайханада сұрыпты ұннан күніне 150-200 бөлке нан пісіріледі. Алдағы уақытта екінші пешті іске қосып, нан көлемін тәулігіне 400-ге жеткізу жүзеге асырылмақшы. Бұдан бөлек, басқа да нан-тоқаш өнімдерін сатуды жоспарлап отыр. Жергілікті кәсіпкер жұрттың күнделікті сұранысын орындауға тырысады. Ауыл сұранысын өтей бастаған аядай ғана наубайхана тұтынушылардың көңілінен шығып тұр.

Нұрдос КӘРІМ,
Шет ауданы
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button