Қарағанды

Табысымыздың ұйытқысы

    Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын жариялады. Еліміздің дамуына қажетті 10 негізгі міндетті атап өтті.

«Адами капитал – жаңғыру негізі» атты жетінші тармағы білім беру саласындағы маңызды мәселелерді қамтиды. Білім берудің жаңа сапасына қатысты пікірлерді біз, мұғалімдер қауымы, қолдаймыз. Әрине, білім беру саласындағы өзгерістерге біз үнемі бейім болуымыз және жаңа білімді меңгеруіміз керек. Білім беру мекемелері арасындағы бәсекелестікті арттыруды құптаймыз. Себебі, бұл ұстаздардың құзыреттеліктерін, қабілеттіліктерін, шығармашылықтарын арттыруға, білімдерін толықтыруға жетелейді. Әсіресе, «Барлық өңірлердегі Оқушылар сарайларының базасында компьютерлерді, лабораторияларды және 3Д-принтерлерді қоса алғанда, барлық қажетті инфрақұрылымдары бар балалар технопарктері мен бизнес-инкубаторларының желісін құру керек» деген міндет жүрекке жылы тиеді. Себебі, бұл – біздің жастарымыздың болашағы.

«Мұғалім мәртебесін арттыру мақсатымен білім берудің жаңартылған мазмұнына көшкен ұстаздардың лауазымдық жалақысын 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап 30 процентке көбейтуді тапсырамын» делінген Жолдауда.

Бұл, әрине, қуанарлық жағдай. Категорияларды бүкіл әлемде қолданылып жүрген ұлттық біліктілік тест арқылы беру керек және бұл педагогтарды өздерін ұдайы жетілдіруге ынталандыратын болады деген пікірге қосыламыз. Нәтижесінде, мұғалімдердің жалақысы біліктілігінің расталуына байланысты тұтастай алғанда 30 проценттен 50 процентке дейін өседі. Елбасы тарапынан ұстаздар қауымына жасалған бұл жағдайлар педагогтарды өз жұмысын жаңаша, заман талабына сай атқаруға, Қазақстан жастарына білім беру мен тәрбиелеуде жаңа көзқарастарға, жаңа құлшыныстарға жетелейді деп сенеміз.

53 мектеп-лицейінің ұжымы.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button