Жаңалықтар

Табысты даму кепілі

Алғыс айту күні – бұл ең алдымен, бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні. Бұл – тыныштық пен үйлесім, өзара сенім және барлық қазақстандықтарға құрмет саясаты.

Тағдыр тауқыметін тартып, Қазақстанға күштеп қоныстандырылған миллиондаған түрлі этнос өкілдерін туысқандық көңілмен қабылдап, мейірімділік танытқан және қонақжайлылығымен жүректерге сенім ұялатқан киелі қазақ жеріне, қазақ халқына бас иеміз. Қазақ халқы мұны жеке басының ауыртпалығы ретінде қабылдады және бұл еліміздегі түрлі этностар арасындағы қарым-қатынастардың адамгершілік сипатын асқақтатты.

Алғыс айту күні – бұл қазақстандық бірегейлік пен толеранттылықтың негізіне айналған Қазақстан халқы Ассамблеясының күні. Еліміздің ең басты мерекелерінің бірі.

 Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен жүзеге асырылған Ассамблеяның рөлі, ұлттық бірлік, этностар арасындағы өзара түсіністік мәселелері тәуелсіз Қазақстанның табысты дамуының кепілі ретінде қабылданады.

 Біздің ортақ үйіміз – Қазақстан бейбітшілік пен бақыт ордасы ретінде мәңгі жасауға лайықты.

Мария БОРИСЕВИЧ,

Қазақстан халқы Ассамблеясының “Жаңғыру жолы” республикалық жастар қозғалысы аймақтық штабының мүшесі,

Қарағанды облысы ҚХА Жастар үйлестіру кеңесінің мүшесі.

Қазақстанның неміс жастары одағының төрағасы.

Басқа материалдар

Back to top button