Руханият

Тәуелсіздік – тұғырым!

    Әлемдегі барлық халық үшін ең биік мақсат азаттық, елі мен халқының Тәуелсіздігі. Осы жолды ата-бабаларымыз аңсады және қаһармандықпен күрескені баршамызға аян.

    Әр заман, әр ғасыр өзінің біртуар азаматын, дара да дана тұлғасын өмірге әкелетіні хақ, оған тарих та куә. Олай болса, халқымыздың бақытына туған Тұңғыш Президентіміз, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев. Жауапкершіліктің жүгі де, қиын-қыстау шақтағы ауыртпашылықтар да Елбасына тиесілі болды. Дара да дана тұлға, кемел де кемеңгер басшы екендігін әлем бағалап отыр. Аз ғана уақыт, қысқа ғана мерзім ішінде Президентіміз кемел келешектің жемісті нәтижесін көрсете білді.

   Стратегиялық даму негізінде, халықаралық саяси өмірде «Қазақстандық үлгі», «дамудың қазақстандық жолы» деген ұғым кеңінен тарап, түсінік қалыптасқандығы төрткүл дүниеге мәлім. Ал, бейбітшілік пен ынтымақтастық принциптері әлем қоғамдастығында кең түрде қолдауға ие болды және әділ бағасын алуда.

    Көз сүйсінер, ел тамсанар, арудай әсем Елордамыз Астана, Ұлы Далада Мәңгілік Ел орнату, «Қазақстан-2050» Стратегиясы Елбасының озық ойлы, тамырын тереңдететін, жапырағын жайқалтатын хал­қы­мыздың келешек ұрпақтары үшін жасалып жатқан Ұлы Мұра.

    Көпұлтты, көпконфессия­лы Қазақстан халқының береке-бірлігі, ынтымақтастығы, татулығы мен сыйласымдылығы басты байлығымыз екендігіне Елбасымыз әрқашан басты назар аударады.

    Елбасы Н.Назарбаев өзінің «Қазақстан жаһандық ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауында «Санаулы күндерден кейін біз азаттық туын желбіретіп, Тәуелсіз мемлекет атанғанымыздың 25 жылдығына аяқ басамыз. Бұл – тәуелсіздікті нығайту жолындағы өлшеусіз еңбегіміздің ширек ғасырлық белесін қорытындылайтын мерейлі сәт» деп атап өтті.

    Осыған орай, барша отандастарымды әріптестерім мен шәкірттерімнің атынан Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерекесімен құттықтаймын!

   Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!

Салауат КЕНТБЕК,

Е.Бөкетов атындағы

ҚарМУ-дың Қазақстан тарихы және Қазақстан халқы

Ассамблеясы

кафедрасының доценті,

Қарағанды қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button