Бас тақырыпСпорт

Төртінші алтын: Нұрбек Оралбай – әлем чемпионы

Ташкент қаласында бокстан ерлер арасында өтіп жатқан әлем біріншілігінде Нұрбек Оралбай Қазақстан қоржынына төртінші алтынды салды.

Жастар арасында әлем чемпионы Нұрбек Оралбай 80 келіге дейінгі салмақта финалда қытайлық қандасымыз Тоқтарбек Таңатханмен чемпиондық атақ үшін рингке шықты.

Бірінші раундта бес төрешінің төртеуі қазақстандық боксшыны басым деп тапты. Екінші кезең – 3:2. Жекпе-жек қорытындысында Нұрбек Оралбай жеңіске жетті.

Осылайша, Қазақстан құрамасы әлем біріншілігін 4 алтын, 1 күміспен аяқтады. Бұл – рекордтық нәтиже.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button