Төрт жұмыскер қаза тапты

    «АрселорМиттал Теміртау» АҚ көмір департаментінің «Саранская» шахтасында апатты жағдай орын алды. Салдарынан өндіріс орнының төрт жұмыскері қаза тапты.

Қайғылы оқиға 10 қараша күні орын алған. Үш адам бірден мерт болып, бесеуі ауруханаға жеткізілген. Өкінішке орай, кеше жан сақтау бөлімінде жатқан тағы бір жұмыскер көз жұмды.

Компанияның баспасөз қыз­меті хабарлағандай, апаттың салдарын зерттейтін арнайы комиссия құрылған. Сондай-ақ, баспасөз хабарламасында «Компания басшылығы қаза болған кеншілердің туған-туыстарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтады» делінген.

Қазір ҚР ҚК 156-бабы 4-бөлімі («Екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеліп соққан еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу») бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бұл істі облыстық прокуратура жіті бақылауға алған.

Кеше қайғылы жағдайға байланысты Көмір департаменті өкілдерінің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті. Ол туралы толық ақпаратты газеттің келесі санынан оқисыздар.

Өз тілшімізден.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.