Қарағанды

«Тәрбие – тал бесіктен»

    Өзіңді алға қарай жетілдіру және бойға жақсы мінез-құлық қалыптастыру ең алдымен өзін-өзі танудан басталады.

Сара Алпысқызының бастамасымен білім беру үдерісіне енгізілген «Өзін-өзі тану» бағдарламасы қазіргі таңда ғылыми жаңа бағыт, жаңа заман педагогикасы болып табылады.

Қарағанды қаласы білім бөлімінің «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасы аясында тұлғаның дамуын қалыптастыру, отбасы және отбасы құндылықтарын насихаттау, балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері бағытында түрлі шаралар атқарылуда. Осыған орай, №100 «Думан» балабақшасында жыл сайын «Өзін-өзі тану» пәні бойынша онкүндік өткізілді. Онкүндік аралығында Қарағанды қаласының 83 жылдығымен тұспа-тұс келді. Ата-аналар мен балалар «Менің сүйікті қалам» атты суреттер мен бұйымдар көрмесіне белсене қатысты. «Өзін-өзі тану» сабағында «Біз – әр түрліміз», «Ең көңілді бала», «Мейірімді бала», «Еңбекқор бала» ойындары арқылы балалар өзін қайталанбас жеке тұлға ретінде сезінді. «Қарлығаш» ересек тобында қазақ тілі және ағылшын тілі мамандарының ұйымдастыруымен үш тілде «Менің отбасым» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті. Бұл жиналыста ата-ананың балаға деген сезімін көрсетіп, ата-аналар отбасы, сүйіспеншілік, мейірімділік туралы мақал-мәтелдер айтып, өлеңдер оқып, тапсырмалар орындаудан жарысты. Тәрбиеленушілер өз отбасының суретін салып, ана туралы тақпақтар айтты. Жиналыс соңында ата-аналар мен балалар «Сиқырлы сандыққа» өз тілектерін жазып салды. «Ертегілер» ересек тобының тәрбиеленушілерімен «Сүйіспеншілік деген не?» тақырыбында тест жүргізді. Балабақша директорының (осы жолдардың авторы) ұйымдастыруымен «Ата-анаң алтын тұғырың» тақырыбында ата-аналармен семинар өтті. Ата-аналармен «Жақсы көңіл күй – жан азығы» атты әуенді терапия, «Мен сенімен жақсы қарым-қатынас жасауға қуаныштымын», «Сиқырлы қобдиша», «Көпір» жаттығулары жасалып, қатысушыларға ерекше шығармашылық пен көтеріңкі көңіл – күй сыйлады.

Шырын КЕНЖЕБЕК,

100 «Думан» балабақшасының директоры.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button