Жаңалықтар
«Life09» ақпарат агенттігінің бас редакторы «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері атанды
«Saryarqa aqparat» ЖШС «Life09» ақпарат агенттігінің бас редакторы Аяжан Мақан «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері атанды.

Бұл марапат – журналистің кәсіби шеберлігі мен шығармашылық ізденісіне, ақпарат саласын дамытуға қосқан үлесіне берілген жоғары баға. Сондай-ақ бұл – күнделікті еңбектің, табандылық пен жауапкершіліктің, өз ісіне деген сүйіспеншіліктің жемісі.
Аяжан Мақан еңбек жолында журналистикадағы өз қолтаңбасын қалыптастырып, өңірдің тыныс-тіршілігін, қоғамдағы маңызды оқиғаларды оқырманға жеткізуге үлес қосып келеді. Оның бұл жетістігі – жеке шығармашылық табысы ғана емес, тұтас ұжым үшін зор мақтаныш.
«Ortaltyq Qazaqstan» редакциясының ұжымы Аяжан Ералықызын айтулы жетістігімен құттықтайды!
Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ
Ortalyq.kz



