ТҮНГІ КӨБЕЛЕКТЕР ҰСТАЛДЫ
«Қарағанды қаласында массаж салонының атын жамылып, жезөкшелікпен айналысқан орын табылды», деп хабарлайды «ҚазАқпарат». «Қарағанды облысы Ішкі істер департаментінің криминалды полициясы массаж салонының атын жамылып, жалға алған пәтерін жезөкшелер үйіне айналдырған азаматты ұстады»,-дейді ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі. Сондай-ақ, Атырау облысы ІІД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы жалдамалы пәтерде қыздарды күшпен ұстап, жезөкшелікке итермелеген топты құрықтады. «2016 жылдың өзінде-ақ полиция қызметкерлері жезөкшелікпен және «жеңгетайлықпен» айналысқан 228 фактіні анықтады. Оның ішінде 65 топ «қызметін» жалдамалы пәтерлерде жүргізген. Ұсталғандардың бәрі жазаға тартылды», – деп хабарлайды ІІМ баспасөз қызметі.
Өз тілішімізден.